Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында бірнеше рет ұрлық жасаған ұры қолға түсті

Қарағанды облысында бірнеше рет ұрлық жасаған ұры қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 мамырда Қарағанды облысы Шахтинск қаласының полиция бөліміне 32 жастағы әйелден арыз түсті. Жәбірленуші әйелдің түсіндіруінше, белгісіз біреу құлыпты бұзып, өзіне тиесілі жеке үйден ұялы телефон ұрлап кеткен. Келтірілген шығын мөлшері 82 мың теңгені құрайды. Жәбірленушінің айтуы бойынша, ол үйде бір жарым сағаттай болмаған, ал ұры осы жағдайды пайдаланған. ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Келесі күні жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 36 жастағы ер адамды анықтап, ұстады, ол өз кінәсін мойындады. Айғақты заттар алынды.

Сондай-ақ, полиция күдіктінің бірнеше күн бұрын ас бөлменің әйнегін сындырып, басқа жеке үйге кіргенін анықтады. Мұнда ол ноутбук, аяқ киім мен киім алып кеткен. 48 жастағы жәбірленуші өзіне келтірілген залалдың мөлшерін 110 мың теңгеге бағалады. Полиция заттай айғақтарды тәркілеп, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру