Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте карантин талаптарын бұзған компьютерлік клуб анықталды

Шымкентте карантин талаптарын бұзған компьютерлік клуб анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.Тәртіп сақшылары эпидемиологиялық режимнің сақталуын бақылау бойынша мобильді топтармен бірлесіп қала аумағында күнделікті рейдтік іс-шаралар жүргізеді.

Кезекті профилактикалық жұмыс барысында Әл-Фараби ауданы ПБ-ның учаскелік полиция инспекторлары Ә. Жангелдин көшесінде орналасқан компьютерлік ойынхана карантиндік шектеулерді бұзып жұмыс істеп тұрғанын анықтады.

Аталған жайт бойынша жинақталған іс-құжаттар ойынхана иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) әкімшілік шара көру үшін Әл-Фараби ауданы бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.Полиция қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарынан коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты сақтық шараларын сақтауды сұрайды, сондай-ақ қаланың бас санитарлық дәрігерінің қаулысының талаптарын бұзғандар жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру