Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шардара полицейлері жоғалған 16 жастағы қызды тапты

Түркістан облысының полицейлері жоғалған 16 жастағы қызды тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шардара АПБ-ға кешкі уақытта жергілікті тұрғынның бірі “102” сымтетігі арқылы хабарласқан. Ол әйелдің айтуынша, 16 жастағы қызы үйінен белгісіз бағытқа шығып із-түзсіз жоғалып кеткен. Шардара АПБ қызметкерлері хабарлама түсе салысымен тез арада әрекет етіп, оқиға орнына жетті.

Мектеп оқушысын табу мақсатында қажетті деп танылған барлық жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді. Аудан көшелерін тексеріп, көрген-білген тұрғындардан сұрастыру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде екі күннің ішінде тәртіп сақшылары жас қызды 100 шақырым жердегі Қызылқұм ауылынан тауып алды.

Осылайша, жоғалған 16 жастағы қыз полиция қызметкерлерінің арқасында аман-сау ата-анасына табысталды. Белгілі болғандай қызды құрбысы үйіне қонаққа шақырған. Алайда, қыз ата-анасынан сұранғанымен жібермейтінін біліп, ескертпестен шығып кеткен. Өз кезегінде ата-анасы қыздарын іздеп, нәтиже болмаған соң, полиция қызметкерлеріне хабарласқан.

Полицейлердің жедел жұмыстарының арқасында немересімен қауышқан атасы полицейлерге өз алғысын білдірді:

– Жоғалған немеремді тауып берген полиция қызметкерлеріне рақметімді айтамын. Жұмыстарыңыз алға баса берсін!, – деді.

Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері азаматтарға балаларыңызға абай болыңыздар, сыртқа шыққанда қараусыз қалдырмаңыздар деп ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру