Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды ​​облысында ер адам жолда қалған көлікті иемденіп алған

Қарағанды ​​облысында ер адам жолда қалған көлікті иемденіп алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 ақпанда Қарағанды ​​облысы Шахтинск қаласының полиция бөліміне 21 жастағы жас жігіт жүгініп, көлігінің ұрланғанын хабарлады. Белгілі болғандай, жәбірленуші ауылдардың бірінен шығып, Шахтинскіге келмек болған. Қалаға үш шақырым жетпей жүргізушінің көлігі бұзылып қалған. Көлікті тастап, Шахтинск қаласына көмек сұрап барған. Қайтып келгенде ол көліктің жоғалып кеткенін білген.

Келтірілген шығын көлемі 600 мың теңгені құрады. ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы (Автокөлікті заңсыз иелену) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

22 ақпанда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті Қарағанды ​​қаласының 31 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол жол жиегінде тұрған көлікті көргенде оны қараусыз қалған деп санап, оңаша жерге сүйреп апарғанын түсіндіріп, кінәсін мойындады. Заттай айғақтар тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру