Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жолдың ортасында такси тоқтатып тұрған павлодарлықтарға айыппұл салынды

Жолдың ортасында такси тоқтатып тұрған павлодарлықтарға айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сағат 00:05-те Павлодар қаласы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Академик Сәтпаев көшесінің жүріс бөлігімен келе жатып, такси тоқтатып тұрған ер адам мен әйелді байқады. Осылайша олар жолдағы көліктерге кедергі келтіріп, өздерінің және басқалардың өміріне қауіпті әрекет жасаған. Бұл азаматтар Павлодар қаласының Орталық полиция бөліміне жеткізілді.

Жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының өзге де қатысушылары жол қозғалысы ережелерінің талаптарын орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК 615-бабының 1-бөлімі (Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 2 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Анықталғандай, ер адам кешке танысымен кездесіп, онымен бірге алкогольдік ішімдік ішкен, кездесуден кейін олар такси шақыра алмағандықтан, жолдың ортасына шығып көлік тоқтатпақшы болған, өздерінің және басқалардың өміріне қауіп төндіргені туралы ойламаған.

Айта кету керек, биыл жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының өзге де қатысушылары жол қозғалысы ережелерінің талаптарын орындамағаны үшін павлодарлық полицейлер 1922 тәртіп бұзушыны жазалады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру