Қарағанды облысында көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші ұсталды
Қарағанды облысында көлік басқару құқығынан айырылған 24 жастағы тұрғын қайтадан рөлге отырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды – Шахтинск автожолында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері "Құқықтық тәртіп" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Honda Civic автокөлігін тоқтатқан.
Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушінің 2022 жылы көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Соған қарамастан ол белгіленген шектеуді елемей, қайтадан көлік басқарған.
Құқық бұзушының көлігі арнайы тұраққа қойылды. Жиналған материалдар заңда белгіленген шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Полиция қызметкерлері көлік басқару құқығынан айырылған азаматтардың рөлге қайта отыруы заң талаптарын өрескел бұзу болып саналатынын еске салады.
