Қарағанды облысында пробация қызметі 95 жастағы ардагердің үйіне барып қайтты
Жеңіс күнінде Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД Абай аудандық пробация қызметі Ұлы Отан соғысының тыл еңбеккері, 95 жастағы Галина Скобароға барып қайтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты Абай аудандық пробация қызметі Ұлы Отан соғысының тыл еңбеккеріне құрмет көрсетті.
– Ерлік ешқашан ұмытылмайды. Бүгінгі бейбіт өміріміздің негізі – сіздерсіздер! Галина Алексеевна, сізбен кездесу біз үшін – үлкен мәртебе! Сізге зор денсаулық және ұзақ өмір, бейбітшілік пен ізгілік, бақ-береке тілеймін. Сіздің ерлігіңіз бен жеңістеріңіз туралы естелік бәріміз үшін ерлік пен табандылықтың мәңгілік үлгісі болып қала берсін, – деді Абай ауданының пробация қызметінің бастығы М.Нұркенова