Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында сотталғандарға 400-ге жуық кітап сыйға берілді

Ұлттық кітап күні қарсаңында Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №34 мекемеде сотталғандардың мәдени және білім беру дамуын қолдауға бағытталған қайырымдылық акциясы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара аясында Қарағанды облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Азамат Тлешев және Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті жанындағы Адам құқықтарын қорғау орталығы мекемеге қазақ және орыс тілдеріндегі 400-ге жуық кітапты сыйға тартты.

Табыс етілген әдебиеттер көркем шығармалардан бастап, танымдық және білім беру бағытындағы кітаптарға дейінгі кең ауқымды қамтиды. Бұл бастама сотталғандардың кітапқа қолжетімділігін арттыруға, оқырман мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ олардың рухани және зияткерлік дамуына ықпал етеді.

Мекеме өкілдері көрсетілген қолдау үшін алғыс білдіріп, мұндай бастамалардың сотталғандарды әлеуметтік бейімдеудегі маңызын ерекше атап өтті.

Аталған акция ағартушылықты дамытуға, гуманизм қағидаттарын нығайтуға және өзін-өзі дамытуға қосымша мүмкіндіктер жасауға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру