Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында жасөспірімді тонау сәті видеоға түсіп қалған

Қарағанды облысында жасөспірімді тонау сәті видеоға түсіп қалған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 тамыз күні Қарағанды облысы Абай аудандық Полиция басқармасына 48 жастағы Абай қаласының тұрғыны арызбен шағымданды. Жәбірленуші азаматша белгісіз тұлғалар 15 жастағы ұлына соққы жасап, құны 73 мың теңге тұратын ұялы телефонын тартып әкеткені туралы хабарлады.

Белгілі болғандай, бұл қылмыстық оқиға сағат 21.00 шамасында орын алған.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабына (Тонау) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Криминалдық полиция қызметкерлерімен қылмыстың алдын алу бойынша жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында күдіктінің тұлғасы анықталды. Ол 17 жастағы Қостанай облысының тұрғыны екені белгілі болды. Кешенді жұмыстар барысында 23 тамыз күні күдікті Қостанай қаласында ұсталды.

Ұсталған азамат Қарағанды облысына жұмыс істеуге келгенін, жұмысқа тұра алмағандықтан және ақшадан қиналған соң осындай жолмен ақша таппақшы болғаны туралы мойындау көрсетпе белгісін берді. Қылмыс жасаған соң күдікті бірден Қостанай қаласына “ізін суытқан”.

Алайда Абай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері оның тұрғылықты жерін бірден анықтады. Айғақ зат – ұялы телефон тәркіленіп, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру