Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда полицейлерге саябақ аумағында граната салынғаны туралы хабарлама келіп түсті

Петропавлда полицейлерге саябақ аумағында граната салынғаны туралы хабарлама келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бір күн бұрын Ескі саябақтың аумағында шөпті шауып жүрген жұмысшы гранатаға ұқсайтын затты анықтаған. Бұл туралы ол модульдік бекетте қызметін атқарып, аумақты тексеріп жүрген патрульдік полиция батальоны қызметкеріне хабарлаған.

Патрульдік полиция батальонының инспекторы оқиға туралы бірден “102” арнасына хабарлап, қауіпті затқа адамдарды жақындатпау үшін сол жерді күзеткен. Бірер минутта оқиға орнына жарғыш-техниктер келген. Тексеру кезінде аталған зат алғашқы әскери дайындық бойынша сабақтарды өткізуге арналған УЗРГМ оқу гранатасы және оның қауіпсіз екені анықталды.

Полицейлер қауіптің бар-жоғы туралы қорытындыны тек мамандар ғана жасай алатыны туралы еске салады. Жарылғыш құрылғыға ұқсас затты анықтаған жағдайда, бірден бұл туралы полицияға хабарлау, затты ұстамау, алып басқа жерге қоймау, мүмкіндігінше аталған затты қоршауға алу бойынша шара қабылдау қажет. Бұндай хабарламалар келіп түскен кезде оқиға орнына қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін патрульдік полиция батальоны қызметкерлері және тексеріс жүргізіп, затты залалсыздандыру үшін жарғыш-техниктер жіберіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру