Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысындағы колонияға Гиннесс рекордтар кітабының рекордшысы барды

Қарағанды облысының колониясына Гиннесс рекордтар кітабының рекордшысы барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сергей Цырульников Қарағанды облысындағы әйелдер колониясына барды. ҚР Туризм және спорт министрлігінің ресми амбассадоры, қоғам қайраткері, актер, “Құрмет” және “Достық” ордендерінің кавалері, Мемлекет басшысы жеке атап өткен көптеген бірегей қайырымдылық жобаларының авторы, өткен ғасырдағы қазақ палуандары Қажымұқан Мұңайтпасов пен Балуан Шолақтың ізін лайықты жалғастырушы Гиннес рекордтар кітабының рекордшысы Сергей Цырульниковтың мекемеге барудағы басты мақсаты – сотталған әйелдерді қоғамдық жұмысқа тарту, мекемеде спортты дамыту, олардың өмірге деген көзқарасын оңалтуға мотивация беру.

Сергей Цырульников өзінің алып күшін көрсетіп, сонымен бірге сотталған әйелдердің де өз күштерін көрсетуіне мүмкіндік берді, сондай-ақ сотталған әйелдер өздерін толғаныдырып жүрген спорт тақырыбында сұрақ қойып, толық жауап алды.

Бұдан соң Сергей Цырульников спорттық ойындар өткізуге арналған сыйлықтарын тапсырып, автограф берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру