Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысының полиция департаментінде ең белсенді еріктілер марапатталды

Қостанай облысының полиция департаментінде ең белсенді еріктілер марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер ақысыз жұмыс істейтін және күнделікті жұмыстарына көмектесетін еріктілерге алғыс айтты. Салтанатты шарада ПД бастығының орынбасары Бауыржан Әбенов іздестіру-құтқару жасағының еріктілерін мерекемен құттықтады. ІІО қызметкерлерімен із-түзсіз жоғалған адамдарды және туыстарымен байланысын үзген адамдарды іздестіру бойынша тығыз қарым-қатынас жасағаны үшін алғысын білдірді.

– Сіздердің еңбектеріңіз біз үшін, қоғам өмірі үшін өте құнды және маңызды. Біз осындай әріптестеріміз бар екенін мақтан тұтамыз. Ауқымы кең пайдалы жұмыстарыңыз үшін алғыс айтамыз. Сіздер жақсылықтың, адамгершіліктің және ынтымақтастықтың нақты үлгісісіздер. Сіздердің күнделікті жұмыстарыңыз ең жоғары бағалауға және көпшіліктің мойындауына лайық. Сіздерге сарқылмас қуат, амандық және барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейміз, – деді Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары Бауыржан Әбенов.

Департамент бастығының алғыс хаттарымен “Дос” іздестіру-құтқару жасағының мүшелері – Логошиновачевская Олеся, Чанова Оксана, “Барс” іздестіру-құтқару жасағының мүшелері – Маляр Яна, “10 регион” іздестіру-құтқару жасағының мүшелері – Мелехина Татьяна, Карпенко Ирина, Жаналин Тимур марапатталды.

Еріктілердің көпшілігі – белсенді өмірлік ұстанымы бар адамдар. Олар жерде орын алып жатқан дүниелерге бей-жай қарамайды. Жас санатында бұл негізінен 18 бен 50 жас аралығындағы азаматтар, олар негізгі жұмысымен бірге уақыт тауып, көмек көрсетеді. Полиция департаменті іздеу-тәрбие ұйымдарының әрбір қызметкеріне алғысын білдіреді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру