Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысының оқушылары Жас жол инспекторлары кубогы үшін бақ сынады

Қарағанды облысының оқушылары Жас жол инспекторлары кубогы үшін бақ сынады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қаласында Жас жол инспекторларының облыстық слетінің қорытындысы шығарылды. Үздік атағы үшін өңірдің қала және аудандарында өткен іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өткен 10 мықты команда өзара бақ сынасты.

Салтанатты ашылу рәсімінде Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Жанат Какажанов жас тәртіп сақшыларына жылы лебізін білдіріп, әділ бәсекеде сәттілік тіледі.

Сайыс бағдарламасы жеті күрделі кезеңнен тұрды. Жеңіске жету жолында оқушылар: велосипедті шебер басқару дағдыларын; жол қозғалысы ережелерін жетік білетіндіктерін; алғашқы медициналық көмек көрсету машықтарын; жоғары деңгейдегі эрудициялары мен шығармашылық үгіт-насихат топтарының өнерін көрсетті.

Барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша жүлделі үштікке Қарағанды қаласының, Бұқар жырау және Абай аудандарының командалары енді.

Слетке қатысқан бірде-бір оқушы сыйлықсыз қалған жоқ. Қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар жеке кезеңдерде үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар арнайы грамоталармен марапатталды.

Жарыстың басты жүлделері – кубок пен жеңімпаз дипломдарын Қарағанды қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы мектептің командасы иеленді. Енді олар облыс намысын республикалық кезеңде қорғайтын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру