Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысының ПД Кинология орталығында балалар үйінің тәрбиеленушілеріне саяхат жасалды

Қарағанды облысының ПД Кинология орталығында балалар үйінің тәрбиеленушілеріне саяхат жасалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облыстық Полиция департаментінің Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ювенеалдық полиция инспекторларымен бірлесіп, департаменттің кинология орталығына Қарағанды қаласының Таңшолпан балалар үйінің тәрбиеленушілеріне саяхат жасады.

– Биылғы жылды Президен Қасым-Жомарт Тоқаев балалар жылы деп жариялағаны белгілі. Осы балалар жылы аясында полиция қызметкерлерімен “Мен және менің полицейім” атты акция өткізілуде. Акция барысында бүгін балалар үйінің тәрбиеленушілері біздің кинология орталығына саяхатқа келді. Балаларға қызметтік иттердің жұмысын көрсетіп, біздің орталықтың жұмысын таныстырып жатқан жайымыз бар, – деді облыстық ПД Кинология орталығының бастығы Айдар Абдрасилов.

Саяхатқа келген балалар, қызметтік иттердің қылмыскерді ұстауы, жасырынған есірткі заттарын табу сияқты жұмыстарымен жете танысты. Қарумен қаншалықты оқ атып жатсада, алған бетінен тайынбай полиция қызметкерлеріне күдіктіні ұстау бойынша жұмыс жасаған қызметтік иттің әрекеті балаларды таң қалдырды. Ал Чери есімі берілген қызметтік ит қасқағым сәтте есірткі затын табуы балаларды бейжай қалдырмады. Саяхат соңында балаларға кинология қызметкерлері дайындаған естелік сыйлықтар табысталып, дастарханнан дәм татты.

– Бүгін біз Кинология орталығында болдық. Маған бұл жердегі қызметтік иттердің жұмысы қатты ұнады. Барлық достарыма бүгінгі саяхат ұнады деп ойлаймын. Өскенде менде кинолог маманы болсам деп армандаймын. Мен итті қатты жақсы көремін, – деді Таңшолпан балалар үйінің тәрбимеленушісі Ирина Кутусова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру