Қарағанды облысының полицейлері екі ұрлық фактісі бойынша күдіктілерді ұстады
Қарағанды облысының полицейлері екі ұрлық фактісі бойынша күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түнгі сағат 3.00 шамасында Теміртау қалалық Полиция басқармасы, патрульдік полиция батальонының жасағы қаладағы жанар-жағармай бекетінен шығып келе жатқан ГАЗель автокөлігіне назар аударған. Полиция қызметкерлерімен автокөліктің басқаруында 39 жастағы қалаға жақын орналасқан ауылдың тұрғыны және оның 31 мен 33 жастағы жерлестерінің болғаны анықталды. Көлікке жүргізілген тексеріс жұмыстары барысында полицейлер құжатсыз әкеле жатқан 1 тонна 700 келі темірлерді тәркілеген. Ұсталған азаматтарды тәртіп сақшылары мән-жайды анықтау мақсатында Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне жеткізді. Анықтау жұмыстары барсысында көліктегі темірлердің өндіріс орынынан ұрланғаны белгілі болды. Шығын көлемі 200 мың теңгені құрады.
Сондай-ақ, Бұқар-Жырау ауданына қарасты ауылдардың бірінде Ғ.Мұтсафин атындағы кенттік полиция бөлімінің қызметкерлері кабель қазып жатқан экскаваторға назарлары түскен. 37 жастағы экскаватор жүргізушісі полиция қызметкерлеріне оны 32 жастағы азаматтың жалға алғанын айтқан. Соңғысы ұсталып, 100 метр қашықтықтағы кабельді жымқырмақшы болғаны туралы мойындаған. Жәбірленуші тарап – телекоммуникация мекемесі келтірілген шығынды 500 мыңға бағалады.
Екі дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.