Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды ​​полицейлері әккі ұрыны ұстады

Қарағанды ​​полицейлері әккі ұрыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды ​​қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне сауда үйлерінің бірінде ұрлық болғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді. Жәбірленуші 32 жастағы әйел кәсіпкерлікпен айналысатынын және сауда үйінде зергерлік бұйымдар сататын бутигі бар екенін түсіндірді.

Белгілі болғандай, ол біраз уақытқа орнынан кетіп қалған. Белгісіз адам сатушының жоқтығын пайдаланып, қоршаудан секіріп өтіп, сөрелерден көзілдірік пен зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 113 мың теңгені құрады.

Сауда үйінде орнатылған бейнебақылау камераларына аталған ұрлықты жасаған белгілі бір азамат түсіп қалған.

Екі күннен кейін осы полиция бөліміне басқа сауда нүктесінің 51 жастағы сатушысы жүгінген. Белгісіз біреу жәбірленушінің сауда орнындағы 31 мың теңге болған қол сөмкесін алып кеткені туралы айтқан. Ал бұл қылмыста бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Екі жағдайда да бір қаскөй әрекет еткені белгілі болды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдікті ретінде 43 жастағы ер адамды ұстады. Ол мойындау көрсетпелерін берді.

Заттай дәлелдемелер алынды. Сонымен қатар, полицейлер күдіктінің осыған ұқсас үшінші қылмысқа қатыстылығын анықтады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталғанға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру