Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД өткен жылы атқарылған жұмысты қорытындылады

Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД бастығы Бекболат Шәкіровтің төрағалық етуімен және жеке құрамның, ведомстволық мекемелер басшылығының қатысуымен 2023 жылы атқарылған жұмыстың қорытындысын талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өтке кезеңде департаменттің ведомстволық бағынысты мекемелерінде үздіксіз бейнебақылау орнату жұмысы аяқталды. Өзге құқық қорғау органдарымен бірлесіп ашылған қылмыс саны көбейді. Пробация қызметінің  есебінде тұрған тұлғалар арасында құқық бұзушылықтар төмендеген.

Өткен жылмен салыстырғанда сотталғандарды өңірдегі кәсіпкерлік субъектілеріне ақылы жұмысқа шығару арта түскен. Жеке құрам қызметкерлерінің жетіспеушілігін төмендетуге қол жеткізілген.

Кеңесте мекеме басшылығының баяндамалары тыңдалды. ҚАЖД мекемелерінде құқықтық тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын жетілдіру, есепте тұрған тұлғалардың қайта қылмыс жасауына жол бермеу мәселелері қаралды. Сонымен бірге ведомство бастығы қызметтер басшыларына қызметкерлермен сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілік, қызметтік тәртіпті және Әдеп кодексін сақтау туралы сұхбаттар өткізуді тапсырды. ҚАЖД басшысы алдағы уақытта айрықша назар аударылатын жұмыстардың негізгі бағыттарын айқындап берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру