Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда заңсыз жүрген Нигерия азаматтары елден шығарылды

Алматыда заңсыз жүрген Нигерия азаматтары елден шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл жолы Алматының көші-қон қызметі Нигерияның 9 азаматын әуе көлігімен тасымалдауды ұйымдастырды.

– Бұлар Қазақстанда жүрген кезінде көші-қон заңнамасын бұзған, атап айтқанда, заңнамада белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан шықпаған. Бұл азаматтар соттың шешімімен мемлекетімізден шығарылған болаитын. Айта кетейік, бұл іс-шара бірнеше кезеңнен тұрады, –  деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Бұған дейін Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ұсталған Африка құрлығы елдерінің 19 азаматы өз елдеріне қайтарылды. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру