Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасын жасаған көлік жүргізушісі ұсталды

Қарағандыда екі жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен көлік жүргізушісі ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазан айының 26 күні кешкілік Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Теміржол полиция бөліміне “Сұрыптау ауылы-Теміртау” тас жолында “ЖБИ” аялдамасының маңында екі адамды көлік қағып кетті деген хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері белгісіз көлік иесінің екі жаяу жүргіншіні қағып, қашып кеткенін анықтады.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан 46 жастағы азамат сол жерде көз жұмса, 43 жастағы жәбірленуші түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Патрульдік полиция батальоны қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында  жол-көлік апатына тән белгілері бар  “Ауди”  автокөлігі ұсталды.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-тармағы (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру