Қарағандыда әйел бөтеннің банк картасын тауып алып, дүкендерде сауда жасаған
Қарағандыда әйел бөтеннің банк картасын тауып алып, дүкендерде сауда жасаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.17-ші маусымда Қарағанды қаласының ПБ Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне Қарағанды қаласының 32 жастағы тұрғынынан өтініш келіп түсті. Ол өзінің банк картасын жоғалтып алғаны туралы хабарлады. Біреу оны тауып алып, дүкендердің бірінен 10 750 теңгеге сауда жасап, өзінің пайдакүнемдік мақсаттарына пайдаланған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полицейлер жәбірленушінің картасын пайдалана отырып, қандай дүкенде сатып алу – сату процесі жүргізілгенін анықтады. Сауда орнында орнатылған бейнебақылау камераларының арқасында күдікті анықталды. Полицейлер жазбадан нақты кадрларды алған соң, полицияда есепте тұрған мүліктік қылмыстарды жасауға бейім тұлғаны 38 жастағы әйелді анықтады.
Бірнеше сағаттардан соң олар күдіктіні ұстады. Ол мойындау көрсетпелерін берді.