Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда аса ірі мөлшерде героин сатқан азамат 12 жылға сотталды

Қарағандыда 53 жастағы азаматша аса ірі мөлшерде героин есірткісін сатқаны үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облыстық полиция департаменті есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасына қарағанды қаласында белгісіз бір азаматша есірткі сатып жүргендігі туралы ақпарат түсті. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 53 жастағы азаматша ұсталды.

Оның пәтеріне жүргізілген санкцияланған тексеріс жұмыстары барысында үш полимерлік пакетке оралған 58 орам ақ түсті зат тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 448,38 грамм героин есірткісі екені белгілі болды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізілген болатын. Тергеу әрекеттері жан-жақты жүргізіліп, қорытындысы бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды. Соттың шешімі бойынша күдікті 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Соттың шешімі заңды күшіне енді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру