Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда ауыр түрдегі астмамен ауыратын әйелге ұландық жауынгер көмек көрсетті

Қарағандыда ауыр түрдегі астмамен ауыратын әйелге ұландық жауынгер көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қарағандыда 1 маусым күні сағат 23:00 шамасында Майқұдық бағытындағы айналма жолда көлік жүргізіп келе жатқан әйелдің денсаулығы нашарлап, астма ұстамасына шалдығып қалды.

Ол жол жиегіне тоқтап, ентігіп жол-жөнекей өтіп бара жатқан көліктерді тоқтатуға тырысады. Дәл сол кезде қасынан өтіп бара жатқан патрульдік көліктегі тәртіп сақшылары, азаматшаны байқаған. Әйелдің тұншығып жатқанын түсінген Оразгелді Өтеген алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ойланбастан әйелді ауруханаға жеткізеді.

– Мен Ауыр бронх демікпесі ауруына байланысты 3-ші топтағы мүгедекпін. Өмірімді сақтап қалған 3-ші батальонның взвод командирі Оразгелді Өтегенге және оның әріптестеріне шексіз алғысымды білдіремін. Егер де бұл адамдар дәп сол жерде болмағанда, нәтижесі өлімге әкелер ме еді? Кім білсін. Осындай патриот, адам өмірін ойлап, бейжай қарамайтын жандарды тәрбиелеген Ұлттық ұланның 5451 әскери бөлімінің жоғарғы басшылығына мың алғыс, – дейді Ақлима Омарова.

Ұлттық ұлан офицерінің ерлігі туралы тек бүгін белгілі болды. Құтқарылған азаматша әскери бөлім командиріне алғыс білдірген хат жолдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру