Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда ұландықтар ер адамнан марихуана тәркіледі

Ақтауда ұландықтар ер адамнан марихуана тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлттық ұланның Ақтау қаласында орналасқан 6656 әскери бөлімінің жауынгерлері қаладағы қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде қырағылық танытты. 

Оқиға 3 ақпан күні болған. 6656 әскери бөлімінің патрульдік топ бастығы қатардағы Ералы  Еламанов өзінің серіктестерімен бірге белгіленген аймақта қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, жауынгерлік қызметін атқарып жүреді. Кешкі сағат 21:30 шамасы кезінде жедел басқару орталығынан 3-шағын ауданында орналасқан №112 үй маңында күдікті азаматтың белгісіз зат жасырып жатқаны туралы хабарлама түседі. Ақпаратты естіген әскери топ бастығы өзінің серіктестерімен бірге оқиға орнына қарай дереу бет алады. Оқиға орнына келген сәтте берілген хабарламаға сәйкес адамды көріп әскери топ бастығы күдіктінің қасына жақындап келіп, өзін таныстырып, сыртқы тінту жұмыстарын жүргізеді. Тінту жұмысы барысында күдіктіден өзіндік өткір иісі бар марихуана тәріздес шөп табылады.

Ұландықтар оқиға орнына жедел тергеу тобын шақырып, күдіктіні Ақтау қаласының полиция басқармасына жеткізеді.

Қазіргі таңда аталмыш оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабына сәйкес қылмыстық іс жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру