Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда автокөліктерден заттар ұрлаған үшеу ұсталды

Қарағандыда автокөліктерден заттар ұрлаған үшеу ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 шілде күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімен 26 жастағы қала тұрғынынан хабарлама түсті. Жәбірленуші арызында белгісіз біреу аулада тұрған автокөлігіне кілт таңдау арқылы кіріп, көліктің аккумуляторымен магнитофонын алып кеткенін көрсеткен. Оған келтірілген шығын көлемі 100 мың теңгені құраған.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 21 мен 23 жас аралықтарындағы үш ер адам анықталып, ұсталды. Олар мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлерімен күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру