Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда бір жыл бұрын тонау жасаған күдікті қолға түсті

Қарағандыда бір жыл бұрын тонау жасаған күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 11 ақпанында Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне белгісіз біреу 67 жастағы зейнеткердің үйіне кіріп, ашық түрде теледидарын алып кеткені туралы ақпарат түсті. Зейнеткерге келтірілген шығын көлемі 100 мың теңгені құраған.

Зейнеткер полиция қызметкерлеріне күдікті одан алдымен ақша талап еткенін, зейнеткердің зейнетақы алмағанын айтқанда, күшпен теледидарын алып кеткені туралы түсіндірме берген. Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 191-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Ағымдағы жылдың 6 ақпанында криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 23 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ зат ретінде теледидар тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру