Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бұрын сотты болған мақтааралдық дәмханадан телефон ұрлап кеткен

Түркістан облысында бұрын сотты болған ер адам дәмханадан телефон ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал ауданы ПБ-ға ұрлық жайтының құрбаны болған жәбірленуші әйел арызданып келген. Онда өзі жұмыс жасайтын дәмхана ішінен Samsung Galaxy J2 телефонын белгісіз азамат жымқырып кеткенін көрсеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 70 мың теңге. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Хабар алысымен мақтааралдық сақшылар толық құрамда оқиға орнына жедел жетті. Көрген-білген куәлардан жауап алып, бейнебақылау камераларын тексерді. Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтауға қажетті шаралардың барлығын қолданды. Осылайша жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке басын анықтап, оны өз үйінен ұстады. Ол бұрын сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты. Бүгінде күдікті ер адамнан айғақты зат ретінде қолды болған ұялы телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Белгілі болғандай, кешкі уақытта күдікті ер адам мас халде дәмханаға кірген. Содан соң айналада ешкімнің жоқтығына көз жеткізіп, үстел үстінде тұрған ұялы телефонды жасырын жымқырған. Өз арам ойын іске асырып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру