Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда дүкенге ұрлыққа түспек болған ер адам ұсталды

Қарағандыда дүкенге ұрлыққа түспек болған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 қазанда Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне дүкендердің бірінде бір адам тауар ұрламақ болғаны жайлы хабарлама түсті. 41 жастағы сауда нүктесінің қожайыны, белгісіз біреу 21 мың теңге тұратын ерлер курткасын алып кетпек болғанын жеткізді.

Жедел іздестіру кезінде криминалдық полицейлер күдіктіні – 28 жастағы жігітті анықтап, ұстады. Ол қылымысын мойындады.

ҚР ҚК 24-188-бабы (Ұрлыққа оқталу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру