Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда пәтер алуға көмектесемін деп елді сан соқтырған алаяқ құрықталды

Қарағандыда пәтер алуға көмектесемін деп елді сан соқтырған алаяқ құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14-ші маусым күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөліміне 50 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданған. Белгілі болғандай, жәбірленуші азаматша өзіне қолайлы бағаға пәтер сатып алмақшы болған. Осындай оймен жүргенде азаматша өзін әкімшілікте жұмыс істеймін деп таныстырған белгісіз біреумен танысып, кейінгісі оған пәтер алуға көмектесетінін және оның құны 1,6 млн теңге болатынын айтқан. Қолайлы бағаға үй аламын деп ойлаған жәбірленуші оған ақшасын берген. Алайда жәбірленуші не үй, не берген ақшасын ала алмағандықтан полицияға арызданған.

18 шілде күні полицияға 52 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданып, олда жоғарыда аталғандай алаяқтың құрбаны болғанын түсіндірген. Жәбірленуші пәтер алуға көмектесемін деген алаяққа 350 мың теңге ақшасын берген.

Барлық фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

11 қыркүйек күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 32 жастағы азамат анықталып, ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Тергеу барысында ұсталған азаматтың осыған ұқсас тағыда екі қылмысқа қатыстылығы анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру