Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының тұрғыны 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды

Павлодар облысының тұрғыны 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шалдай ауылында патрульдеу барысында сағат 20.00 шамасында полиция қызметкерлері 28 жастағы ауыл тұрғынының басқаруымен Mitsubishi Pajero автокөлігін тоқтатты. Әңгіме барысында жүргізушіден алкогольдің иісі шықты.

Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша аталған жүргізушіге ҚР ӘҚБтК 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік материал жасалды.

– Материал сотта қаралды. Сот қаулысымен жүргізуші 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамау түрінде әкімшілік жазаға тартылып, 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды, – деп хабарлады Павлодар облысы Шарбақты ауданының жергілікті полиция қызметінің бастығы Саян Мұханов.

Жүргізушінің мұндай әрекетінің себебі – ол ішіп алып, рөлге отырған және кешкі ауылда көлікпен серуендегісі келген.

Айта кету керек, жыл басынан бері Шарбақты ауданында осындай құқық бұзушылық үшін 34 бұзушы жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру