Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда полицейлер ұрланған алтын бұйымдарды иесіне қайтарып берді

Қарағандыда ұйым қызметкері 5 миллион теңгенің алтын бұйымдарын ұрлады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Polsia.kz.

Қарағанды қаласында ұйымдардың бірінде ірі көлемдегі алтын бұйымдардың ұрлану дерегі тіркелді. 52 жастағы әйел Қарағанды қаласының Киров полиция бөліміне арызданып, өзіне тиесілі алтын әшекейлердің жоғалғанын хабарлаған. Келтірілген шығын көлемі шамамен 5 миллион теңгені құраған.

Тергеу барысында полиция қызметкерлері бағалы бұйымдарға қол жеткізу мүмкіндігі болған қызметкерлерді тексерді. Нәтижесінде күдік аталған ұйымның 44 жастағы қызметкеріне түсті.

Күдікті өз кінәсін толық мойындап, ұрланған алтын бұйымдардың барлығын қайтарды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру