Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда полиция үш велосипед ұрлығына қатысы бар күдіктіні ұстады

Қарағанды қаласында полицейлер велосипед ұрлығына қатысы бар деген күдікпен 47 жастағы ер адамды анықтап, ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

2 шілде күні Қарағанды қаласы полиция басқармасының Ә. Бөкейхан атындағы полиция бөліміне 30 жастағы қала тұрғыны арызданған. Оның айтуынша, белгісіз біреу 16-шағынаудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінен құны 15 мың теңге болатын Dimex велосипедін жасырын жымқырып кеткен.

Аталған дерек бойынша ұрлық фактісімен қылмыстық іс қозғалды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады.

Тергеу барысында күдіктінің бұған дейін Қарағанды қаласында жасалған тағы екі велосипед ұрлығына қатысы бар екені белгілі болды.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Сонымен қатар оның осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы тексерілуде.

Полиция азаматтарды жеке мүлкінің сақталуына жауапкершілікпен қарап, қырағылық танытуға шақырады. Велосипедтерді көпқабатты тұрғын үйлердің кіреберістерінде, баспалдақ алаңдарында немесе қоғамдық орындарда қараусыз қалдырмаған жөн. Оларды міндетті түрде сапалы құлыптау құрылғысымен бекітіп, мүмкіндігінше күзетілетін немесе жабық орындарда сақтау ұсынылады.

Сондай-ақ велосипедтің сериялық нөмірін жазып алып, сатып алу құжаттарын сақтау маңызды. Бұл қарапайым сақтық шаралары ұрлықтың алдын алуға және ұрланған мүлікті жедел іздестіруге көмектеседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру