Қарағандыда қала тұрғынынан телефон тартып алған ер адам ұсталды
Қарағандыда қала тұрғынынан телефон тартып алған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
23 шілдеде 42 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Октябрь аудандық полиция бөліміне хабарласып, оны тонап кеткені жайлы арызданды. Жәбірленуші көпқабатты үйдің ауласында ұялы телефонмен сөйлесіп тұрған кезде, кенеттен оған белгісіз біреу жүгіріп келіп, қолынан ұялы телефонын тартып алып, қашып кеткен. Келтірілген шығын мөлшері 107 мың теңгені құрайды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 47 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, ол ұялы телефонды белгілі бір адамға сатқанын айтты. Қазіргі уақытта полиция айғақты заттарды алу үшін сатып алушыны анықтап жатыр.
ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.