Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түнгі серуен үшін ақтөбелік 81 жасөспірім полицияға жеткізілді

Ақтөбе облысының аумағында “Жасөспірім” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жасөспірімдер қылмысының алдын алу, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үйден тыс жерде болу фактілерінің жолын кесу, сондай-ақ алкогольдік ішімдіктердің, темекі бұйымдарын сатуды болдырмау мақсатында ағымдағы жылғы 27-31 шілде аралығында Ақтөбе облысының аумағында “Жасөспірім” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Жоспарланған іс-шараларды іске асыру барысында ювеналды полиция инспекторлары аулаларда, саябақтарда және жастар көп жиналатын орындарда, ойын-сауық орындарында рейдтік жұмыстар ұйымдастырылуда.

Нәтижесінде жедел-алдын алу іс-шарасының бірінші күні ПБ-ға 81 кәмелетке толмаған бала жеткізілді, олардың барлығы заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін, 10 ата-ана кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

21 жасқа толмаған тұлғаларға алкоголь өнімдерін сатқаны үшін төрт жеке кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ПБ есебіне 22 жасөспірім және 13 қолайсыз отбасы қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру