Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда тоғызыншы сынып оқушысы полицейлерге электрошокер берді

Қарағандыда тоғызыншы сынып оқушысы полицейлерге электрошокер берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 тамыз күні Бұқар-Жырау аудандық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторына 45 жастағы азаматша арызданып, көршісі белгісіз себептермен итін атып тастағанын хабарлаған. Полиция қызметкерімен 40 жастағы азамат анықталды. Оның сөзінше, ол қаруды даладан тауып алған, кейін оның жарамды-жарамсыздығын тексеру кезінде байқаусызда итке тиіп кеткенін мәлімдеді.

Тауып алған қару тәркіленді, ал 40 жастағы азаматқа 60 мыңнан астам айыппұл төлеуге тура келеді.

26 тамыз күні түнгі уақытта 12-ші ықшам ауданда полиция қызметкерлерімен 15 жастағы жасөспірім тоқтатылды. Полиция қызметкерлері жасөспірімге түнгі уақытта үлкендерсіз жүруге болмайтынын ескертіп, сол жерге анасы келгенде 15 жастағы бала полицейлерге электрошокер қорғаныс құралын берді.

Электрошокер тәркіленді, оны тек 18 жасқа толғанда ғана қолдануға болады. 

Жалпы “Қару” жедел алдын алу іс-шарасы кезінде Қарағанды облысы полиция қызметкерлерімен 13 тіркелмеген қару тәркіленді. Сондай-ақ облыс тұрғындарынан әртүрлі калибрдегі оқ-дәрілер тәркіленді. 

Барлық фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру