Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облыстық ПД-ның ерекше көзге түскен қызметкерлері марапатталды

Конститутция мерекесі күні Ұлытау облыстық ПД-ның ерекше көзге түскен қызметкерлері марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасының Конститутциясы мерекесі күні Ұлытау облысында қызмет бабында алдыңғы шептен көрінген қызметкерлерді марапаттау шарасы өтті. Іс-шараны облыстық ПД бастығының міндетін атқарушы Қайыркен Әлиев құттықтау сөзімен бастады.

– Сіздерді еліміздің өсіп өркендеу жолында басты бағытымыз болған Ата заңымыз – Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын. Еліміздің қарыштап дамуы, бүгінгі күні жеткен жетістіктеріміз Ата заңымыздың аясында атқарылған өлшеусіз еңбектің жемісі. Конституция – елдігіміздің берік кепілі. Биылғы жылы Ұлытау облысының құрылуына байланысты аймақта біршама өзгерістер орын алуда. Жаңа облысымыздың гүлденуіне баршамыз бірігіп атсалысуға шақырамын. Еліміздің ертеңі үшін, облысымыздың жан-жақты дамуы үшін аянбай еңбек етуіміз қажет. Келешек ұрпақтың бойына елдік ұғым мен патриоттық сезімді күшейту біздің міндетіміз. Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, табыс,өз күштеріңізге және ертеңгі күнге деген сенімділік тілеймін!, – деді Қайыркен Әлиев.

Келесі кезекте құттықтау және марапаттау үшін ортаға Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Ербол Құсайынов көтеріліп, аймағымыздың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, жаңа қазақстандық қоғам құру ісіне қосқан үлесі үшін ішкі істер органдарының ардагерлері Мұрат Карипов, Ержан Утарбаев, Тамара Голиковаларды Жезқазған қаласының құрмет грамотасымен марапаттады.

Салтанатты жиын қызметте үздік шыққандарды марапаттауға ұласты. Шара барысында 3 қызметкерге басшы құрам арнаулы атағы беріліп, бір қызметкер Қазақстан Республикасы ІІМ-нің құрмет грамотасын иеленді. “Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медалімен – бір қызметкер, “Ішкі icтep органдарының үздігі” кеуде белгісімен – 2 қызметкер, сондай-ақ, ІІМ-нің грамотасымен 2 қызметкер, ІІМ-нің алғыс хаты екі тәртіп сақшысы табысталып, 2-қызметкерге алғыс жарияланды.
Сонымен қатар, облыстық Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Қайыркен Әлиевтің бұйрығымен “Қазақстан полициясына 30 жыл” төс белгісімен 9 қызметкер марапатталып, ІІМ-нің қол сағаты 3 тәртіп сақшысына табысталды. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру