Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда тұрғын алаяққа алданып, жарты миллион теңгесінен айырылды

Қарағандыда тұрғын алаяққа алданып, жарты миллион теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 тамызда 36 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне хабарласты. Жәбірленуші пәтерін жөндеуді жоспарлап, хабарландыру арқылы мамыр айында ол тұрғын үйді қысқа мерзімде жөндеуге уәде берген белгілі бір азаматпен келіскен. Сенімге кірген алаяқ жәбірленуші әйелден 500 мың теңге алдын ала төлем талап етіп, ақшаны алып алған.

Келісімге қол қойылғанына үш айдан астам уақыт өтсе де, жалдамалы құрылысшы хабарсыз кеткен. Алданғанын түсінген жәбірленуші полицияға жүгінді.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті 33 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру