Қарағандыда тұрғынның телефонын тартып алған күдікті ұсталды
Қарағандыда тұрғынның телефонын тартып алған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөліміне 39 жастағы Абай қаласының тұрғыны арызбен шағымданды. Ол полиция қызметкерлеріне кешкілік уақытта жұмыстарымен Қарағанды қаласына келгенін айтты. Сол уақытта белгісіз біреу кенеттен қолындағы телефонын жұлып алып, оқиға орнынан ізін жасырған.
Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 200 мың теңгені құраған. Ол полицейлерге күдіктінің шамамен 20-25 жас аралығында екенін айтты. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 19 жастағы облысқа қарасты ауылдардың бірінің тұрғыны ұсталды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-абына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.