Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда зергерлік дүкенге ұрлыққа түскен адам құрықталды

Қарағандыда зергерлік дүкенге ұрлыққа түскен адам құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты орталық полиция бөліміне 28 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Ол қала бойынша зергерлік бұйымдар дайындап сататын бірнеше дүкендер желісін ұстайтынын айтқан. Түнгі уақытта белгісіз біреулер осындай дүкеннің біріне ұрлыққа түскенін хабарлады.

Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобы жіберілді.

Белгілі болғандай, белгісіз адамдар дүкен есігін бұзып, ішке кіріп, сөреде тұрған күміс бұйымдарды ұрлаған. Келтірілген шығын көлемі 2,5 млн теңгені құрады. Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 31 жастағы күдікті ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру