Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда жалдамалы пәтерден теледидар ұрлаған азаматша ұсталды

Қарағандылық полицейлер жалдамалы пәтерден теледидар ұрлаған әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 қазан күні Қарағанды қалаcының полицейлеріне  27 жастағы азаматша хабарласып, осыдан екі күн бұрын өзіне тиесілі пәтерін белгісіз бір азаматшаға жалға бергенін, жалдау уақыты біткен соң пәтерін тексеруге келген кезде құны 100 мың теңге тұратын теледидарының ұрланғанын көргені туралы шағымданған.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «ізін суытпай» осы іске қатысы бар деген күдікпен 26 жастағы азаматшаны ұстады, одан ұрланған теледидар тәркіленді.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру