Қарағандыда жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген күдікті анықталды
Қарағандыда жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облыстық Полиция департаменті Экстремизмге қарсы күрес басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жарылғыш зат орнатылды деп жалған ақпрарат берді деген күдікпен 29 жастағы ер адам анықталып, ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ зат ретінде ұялы телефон тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Естеріңізге сала кетейік, 31 наурыз күні сағат 09.00-де 102 телефонына Мұқанов көшесіндегі ХҚКО-да жарылғыш зат орнатылды деген ақпарат түсті. Қарағанды облыстық Полиция департаментінің жедел кезекшісімен оқиға орынына барлық жедел қызметтер жіберілді. Ғимараттан 31 адам эвакуацияланды. Ғимаратты қарау барысында ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған баптың санкциясына сәйкес 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.