Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда жасөспірімдер ауыл тұрғынына шабуыл жасап, телефонын тартып алған

Қарағандыда ауыл тұрғынына шабуыл жасап, телефонын тартып алған жасөспірімдер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне 43 жастағы ауыл тұрғыны арызбен шағымданды. Жәбірленуші арыз беретін күнен бір күн бұрын қалаға келген. Кешкілік уақытта Бұқар-Жырау даңғылының бойындағы көпқабатты үйлердің бірінің маңынан өтіп бара жатқанда оған белгісіз біреулер шабуыл жасап, дене жарақаттарын келтіріп, ұялы телефонын тартып әкеткен.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 16 мен 17 жастағы екі жасөспірім ұсталды. Олар мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді.

Аталған дерекке бай ланысты Қазақстан Республикасы Кылмыстық кодексінің 191-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру