Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда жер үйлерге ұрлыққа түскен күдікті анықталды

Қарағандыда жер үйлерге ұрлыққа түскен күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 сәуірде Қарағанды қаласының ПБ Киров полиция бөліміне 45 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Ол жеке тұрған үйде тұратынын айтты. Әйел бір тәулік танысының үйінде болған. Ол қайтып келгенде, үйінен белгісіз тұлғаның күтпеген сапарының салдарын анықтады. Белгісіз біреу ағаш терезе жақтауын майыстырып ғимаратқа кіріп, велосипедті, газ плитасын, шойын ваннаны және пеш плитасын ұрлап кеткен. Жалпы шығын 140 мың теңгені құрады.

24 маусымда жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 24 жастағы ер адамды ұстады. Ол велосипедті белгілі бір адамға сатқанын, қалған мүлікті металл сынықтарын қабылдау орнына тапсырғанын түсіндіріп, мойындады.

Сотқа дейінгі тергеу барысында полицейлер күдіктінің осыған ұқсас екі қылмысқа қатыстылығын анықтады.

Мәселен, өткен жылдың 5 желтоқсанында қаскүнем пластикалық терезені майыстырып 49 жастағы қала тұрғынының жеке үйіне кірген. Ол алтын зергерлік бұйымдарды – кулон мен сақинаны және төрт ұялы телефонды қолды қылған. Шығын сомасы 1 млн 247 мың теңгені құрайды.

Осы жылдың 22 қаңтарында 58 жастағы үй иесінің жол жүріп кеткенін пайдаланып, оның үйіне кірген. Мұнда ол фотоаппарат мен ұялы телефонды ұрлап кеткен. Жәбірленуші келтірілген шығын сомасын 477 мың теңгеге бағалады.

Аталған факті бойынша полиция ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Барлық анықталған фактілер бойынша полицейлер заттай айғақтарды тәркіледі. Тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру