Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық алаяқ кәсіпкердің 22 мың теңгесін қалтасына басқан

Қарағанды полицейлері кәсіпкердің ақшасын заңсыз иемденген алаяқты құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 наурыз күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөліміне 45 жастағы қала тұрғынынан алаяқтық дерегі бойынша арыз түсті. Жәбірленуші жеке кәсіпкер болып табылады. Арыз жазған күні оған Ержан есімді азамат хабарласып, шұғыл түрде ақша керек екенін айтқан. Жәбірленуші хабарласқан азаматты өзінің туысы екен деп ойлап, көмек қолын созу мақсатында дүкенде тұрған сатушыға хабарласып, оған бейтаныс адамға ақша беру туралы тапсырма берген.

Алайда ол ақшаны туысы емес, басқа біреуге бергенін туысы хабарласқанда ғана біліп, бірден полицияға хабарлаған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 22 000 теңгені құраған.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-тармағына (Алаяқтық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 36 жастағы азамат ұсталып, ол қылмысын мойындады. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру