Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шалқарда мас жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті

Шалқарда мас жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 наурызда Шалқар қаласында “Лада 21144” автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі М.Шманұлы көшесімен келе жатып, жол бойында көлік қозғалысы бойынша ілеспе бағытта келе жатқан 55 жастағы әйелді қағып кеткен.

ЖКО салдарынан жаяу жүргінші Шалқар қаласының орталық ауруханасына жеткізілді.

Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес жүргізуші көлікті жеңіл дәрежеде мас күйінде басқарған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-1-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Осы баптың санкциясы он жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуды не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді не сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру