Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда қалта ұрысы әшкереленді

Теміртау қалалық Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қалта ұрысын қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 наурыз күні Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне 36 жастағы қала тұрғыны шағымданған. Жәбірленуші азаматша қаладағы аялдамалардың бірінде белгісіз біреудің ішінде 15 500 теңге ақшасы бар әмиянын ұрлап кеткенін айтқан. Келтірілген шығын көлемі 18 000 теңгені құрады.

Жедел кезекші оқиға орнына сол жерге жақын маңда қызмет атқарып жүрген полиция нарядтарын жіберіп, қылмыс болған ауданға тексеру жұмыстары жүргізілді.

Қылмысты ашу мақсатында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаладағы көшелердің бірінен полиция қызметкерлері күдік тудырған азаматты байқаған. Күдікті полицейлерді көре сала қаша жөнелген. Тәртіп сақшылары аталған азаматты ұстап, 32 жастағы күдікті қылмыс жасағанын мойындады.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-тармағымен (Ұрлық)  қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру