Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық байкер Астана-Петропавл тас жолында қаза тапты

Қарағандылық байкер Астана-Петропавл тас жолында қаза тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мотоциклшінің қатысуымен болған өлімге әкеп соққан апат 22 қыркүйекте сағат 18.45 шамасында болды. Бурабай ауданының полиция бөліміне «Астана – Петропавл» айналма автожолында BMW S1000RR спорттық мотоциклінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, брусқа соғылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Апат салдарынан 41 жастағы байкер оқиға орнында көз жұмды.

Материалдарды бастапқы жинау барысында қаза тапқан адамның Қарағанды қаласының тұрғыны екені және үйіне бара жатып қаза тапқаны анықталды.

Аталған факті ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру