Қарағандылық полицейлер жеке үйден ұрлық жасаған ұрыны ұстады
Қарағандылық полицейлер жеке үйден ұрлық жасаған ұрыны бірден ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
24 сәуірде Қарағанды қаласының ПБ криминалдық полиция қызметкерлері Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің жасағымен бірге жеке сектор аумағында рейдтік іс-шара өткізді.
Сағат 04:00 шамасында полицейлер салынып жатқан үйден бір адамның едәуір жүк көтеріп шыққанын байқаған. Тәртіп сақшыларын көрген ер адам жүгін тастай салып, жасырынуға тырысты. Санаулы минуттарда полиция қызметкерлері ұрыны қолға түсірді.
42 жастағы ер адам ғимараттан электр құралдарын, екі есік арматурасының жиынтығын, 26 розетканы, үш ажыратқышты ұрлағанын мойындады. Тәртіп сақшылары үйдің иесін анықтады, келтірілген шығын 200 мың теңгеге бағаланды.ҚР Қылмыстық кодексінің 24-188 бабы (Ұрлыққа оқталу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.