Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО тұрғыны өзге тұрғынның жылыжайынан барлық тұрмыстық заттарды алып кеткен

БҚО тұрғыны өзге тұрғынның жылыжайынан барлық тұрмыстық заттарды алып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 БҚО ПД-не 58 жастағы тұрғын өзінің саяжайындағы жылыжайына белгісіз біреулер ұрлыққа түскенін айтып арызданды. Оқиға БҚО  Жаңа Өмір ауылында орын алған.

Жәбірленуші жылыжайда мүліктерінің түгел емес екенін және оның мүлікжайына бөтен біреу ұрлыққа түскенінен секем алған. Анықтап қараған кезде оттегі және газ балоны, газ плитасын, төрт кран металл тіректері, төрт металл трубалары, электр ұзартқышы секілді заттарды ұрлап кеткен.

Ұры барлық заттарды қолды қылып, жәбірленуші тарапқа 390 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. 
Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 43 жастағы күдіктіні ұстады.
Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру