Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында мемлекеттік бағдарламамен үй алып беремін деп тұрғынды алдаған алаяқ ұсталды

Алматы облысында мемлекеттік бағдарламамен үй алып беремін деп тұрғынды алдаған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еңбекшіқазақ ауданында “мемлекеттік бағдарламамен үй алып беремін” деген Есік қаласының тұрғынын алдап соққан 39 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.Ағымдағы жылдың 23 сәуірінде Еңбекшіқазақ АПБ кезекші бөліміне 33 жастағы Есік қаласының тұрғыны, арнайы мемлекеттік бағдарламамен Есік қаласынан үш бөлмелі пәтер алуға көмектесемін деп сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 1,6 миллион теңге көлемінде ақша қаражатын иемденген азаматқа қатысты заңды шара қолдануын сұрап, арызданған. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді.

– Қылмыстық істі тергеп тексеру барысында күдікті 39 жастағы жергілікті тұрғын анықталды. Ол жауап алу барысында ерлі зайыптылардың сеніміне кіріп, арнайы мемлекеттік бағдарламамен үй алып беремін деп 1,6 миллион теңге көлемінде қаражат алғанын жеткізді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты “келу туралы міндеттеме” түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Өзге ақпарат тергеу құпиялығына байланысты таратылмайды, – деп хабарлады Еңбекшіқазақ АПБ бастығының бірінші орынбасары Жақсылық Алтынбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру