Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында ЖШС аумағынан мүлікті қолды қылған ер адам ұсталды

Алматы облысында ЖШС аумағынан құны 580 мыңға бағаланған мүлікті қолды қылған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еңбекшіқазақ ауданының полициясына арызданған 37 жастағы Есік қаласының тұрғыны, оның ЖШС аумағына белгісіз біреудің кіріп, аумақта орналасқан құны 500 мың теңгені құрайтын қуаттағышты, құны 50 мың теңгені құрайтын дәнекерлеу құрылғысын және құны 30 мың теңгені құрайтын “Магнетта” компрессорын жасырын түрде жымқырғанын жеткізген. Осы оқиға салдарынан жәбірленушіге 580 мың теңге көлемінде шығын келген.

– Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Оқиға бойынша Еңбекшіқазақ АПБ-нің КПБ-не және ЖПҚБ-не жеке тапсырмалар беріліп, жедел іздестіру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде, күдікті 51 жастағы Өзбекстан, Қарақалпақстан автономиялық Республикасының азаматы анықталып, ұсталды. Бүгінде ол өз кінәсін толығымен мойындап отыр. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процесстік кодекстің талаптарына сәйкес жариялауға жатпайды, – деді Еңбекшіқазақ АПБ бастығының бірінші орынбасары Жақсылық Алтынбаев.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда. Полицейлер ұсталған күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы барын анықтауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру